Саны: Өте сирек кездеседі. Нақты саны туралы мәлімет жоқ.
Мәртебесі. Сирек кездеседі, жойылып кету қаупі төніп тұр. IV санат. Сирек кездесетін, аз зерттелген түр.
Таралуы. Маңғыстаудың оңтүстігінде, Талас, Қырғыз және Іле Алатаулары мен Қаратау, Шу-Іле тауларын мекендейді. Оңтүстік Маңғыстауда – Кендірлі-Қайсан үстірті, Елшібек құдығы, Жабайұшқан кертпеші маңында, Талас Алатауында – Ақсу-Сайрам өзені арасында, Іле Алатауында – Жетіжол, Қастек таулары етегінде, Қырғыз Алатауында – Көкдөнен, Аспара, Мерке, Қарақыстақ, Қарақат, Сарыбұлақ, Шұңқыр қойнауында, Сырдария Қаратауында – оңтүстік-шығыс бөлігі мен Кіші Қаратауда кездеседі.