Киік (ақбөкен)

ғылыми атауы:
Saiga tatarica
тұқымдасы:
Қуысмүйізділер
қр қызыл кітабына енген БЕ:
Жоқ

Саны: Шектен тыс аулаудың, браконьерлік пен түрлі дерттің кесірінен саны қатты азайып кетуі себепті мемлекеттің қорғауына алынған түр. 2015 жылы Қазақстандағы киік саны 295,4 мың дарақты құрады. Алайда 2015 жылы мамыр айында Бетпақдала популяциясындағы киік жаппай (80% дерлік) қырылды . Басты себебі пастереллез болып саналады. Содан кейін олардың саны қайтадан көбейе бастады. Әуе санағы 2019 жылы  Қазақстандағы киіктің жалпы саны – 334 400, 2023 жылы - 1,2 млн., ал 2024 жылы 2,8 млн. дарақт құрағанын көрсетті.

Мәртебесі.  Аңшылық нысаны саналатын, саны қолдан реттеуге жататын түр.
Таралуы.  
Батыс Қазақстанда  Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында (Жайық популяциясы), Маңғыстау,  Ақтөбе және Атырау облыстарында (Үстірт популяциясы), тіршілік етеді.  Ақбөкеннің ең үлкен популяциясы Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарының аумағын мекендейтін Бетпақдала популяциясы.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)