Қорғалжын қорығына фотоэкспедиция

12.8.2024
Коргалжын

«Қазақстанның тұмса табиғаты» жобасы аясында еліміздегі ең маңызды экологиялық нысандардың бірі –Қорғалжын қорығында ауқымды суретке түсіру ұйымдастырылды. Орталық Қазақстанныңдалалық аймағында орналасқан бұл қорық өзінің бай биоәртүрлілігімен танымал әрі көптеген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлердің мекені.

Қорғалжын қорығында фототүсірілім жасаудағы басты мақсат – осы өңірде мекендейтін сирек жануарлардың тіршілігінен қайталанбас сәттерді суретке түсіру және оларды сақтаудың маңыздылығын атап өту. Бұл сондай-ақ тұмса табиғатты қорғау қажеттігі туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған «Қазақстанның тұмса табиғаты» жобасының ағартушылық жұмысының маңызды бөлігі.

Қорғалжын қорығы құстардың алуан түрімен әйгілі, олардың арасында Қазақстанның Қызыл кітабына енген қызғылт қоқиқаз пен дала қыраны ерекше көзге түседі. Фотографтар бұл керемет құстардың табиғи мекендеу орындарында сирек кадрлар түсіре алды. Жобаға қатысқан фотографтар жануарларға кедергі келтірмес үшін жоғары сапалы жабдықтар мен арнайы түсіру әдістерін қолданды. Соның арқасында жануарлардың табиғаттағы мінез-құлқын,олардың қоршаған ортамен және бір-бірімен қарым-қатынасын көрсететін бірегей фотосуреттер түсірілді.

Жиналған фотосуреттер «Қазақстанның тұмса табиғаты» онлайн-платформасын құруға пайдаланылады, онда әрбір адам Қазақстанда тұратын сирек кездесетін түрлермен таныса алады. Платформа қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жұрт назарын аудау мен хабардарлықты арттырудың маңызды құралына айналмақ. Одан бөлек, фотосуреттер арнайы тақырыптық көрмелер мен фотоальбомдарға енгізіледі, бұл сирек кездесетін түрлерді сақтау ісіне қалың көпшілікті ынталандыруға көмектеседі.

Поделиться