«Алтын-Емел» ұлттық паркіне фотоэкспедиция

8.9.2024
Алтын-Эмель

«Қазақстанның тұмса табиғаты» жобасы еліміздің кең-байтақ жерінде мекендейтін жабайы, сирек жануарлар фотосының бірегей топтамасын жасауға бағытталған қызықты фото экспедицияларын жалғастырады. Бұл жолы ұжым еліміздегі ең ірі ұлттық парктің бірі – Алтын-Емелге аттанды.

Жетісу облысында орналасқан Алтын-Емел ұлттық паркі өзінің бай флора - фаунасымен танымал. Бұл жерден сирек кездесетін құлан, арқар, қарақұйрық секілді даланың қоңыр аңдарын да,барыс, дала қыраны секілді жыртқыштарды да кездестіруге болады. Табиғи әртүрлілік пен бірегей ландшафттар – тұмса табиғатты тамашалап, суретке түсірудің таптырмас мүмкіндігі.

Экспедицияның басты мақсаты – түз тағыларын табиғи ортасында суретке түсіру. Бұл Қазақстан табиғатының сұлулығы мен әсемдігін көрсетіп қана қоймай, жойылып бара жатқан түрлерді қорғау және экожүйені сақтау мәселелеріне де назар аудартады.

«Қазақстанның тұмсата биғаты» жобасы аясындағы әр экспедиция тек ауқымды фотоколлекция жасау жолындағы қадам ғана емес, экологиялық білім беру ісіне де үлкен үлес. Ұжым фотосуреттер арқылы кең аудиторияға Қазақстанның тұмса табиғатын қорғаудың және болашақ ұрпақ үшін бірегей түрлерді сақтаудың маңызын жеткізуді мақсат етеді.

Фотосуреттер көп ұзамайжоба сайтында және түрлі көрмелер аясында ұсынылатын болады. Қызығушылықтанытқандар фотосуреттердің түрлі өлшемде қағазға басылған нұсқаларын сатып алып,елдің тұмса табиғатын сақтау ісіне қолдау көрсете алады

Поделиться