Ақбас тырна

ғылыми атауы
Anthropoides virgo
Тұқымдасы:
Тырнатектестер
ҚР Қызыл кітабына енгізілген:
Да

Саны: 50-60 мың дарақ. Қазақстанда ақбас тырнаның жалпы саны 50-60 мың дарақ шамасында (Ковшарь, 2010). Орталық Қазақстанда 25 мың дарақ мекендейді (Белялов,2013), ал Қостанай облысында 3,7–3,8 мың жұп бар деп есептеледі (Брагин, 2011).

 Мәртебесі. V санат. Саны қалпына келіп жатқан түр

Таралуы. Еуразияның оңтүстігіндегі далалар мен шөлейттерде, Солтүстік Африкада таралған. ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдары таралу аумағы тарылып, үзік-үзік болып қалды. Бірақ ғасыр аяғына қарай өз аумағын оңтүстік пен солтүстікке бірдей кеңейтті. Қысты Африкада, Месопотамияда, Үндістанда өткізеді. Қазақстанның даласы мен шөлейтті жерлеріне, шөлдеріне және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарына тереңдей еніп, қоныстанады.

Ақбас тырна туралы толығырақ осы сілтеме бойынша оқи аласыз.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабы бойынша мәртебесі
(International union for the conservation of nature)

СІЗГЕ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКҮН