Бұйра бірқазан

ғылыми атауы
Pelecanus crispus
Тұқымдасы:
Бірқазандар – Pelecanidae
ҚР Қызыл кітабына енгізілген:
Да

Мәртебесі. II санат. Мекендейтін орындары шашыраңқы орналасқан, саны азайып бара жатқан түр

Таралуы. Оңтүстік Еуропа жағалауларында, Батыс Сібір, Кіші Азия суқоймаларында, Моңғолия мен Шыңжаңның кейбір көлдерінде таралған. Қазақстанда Батыс Қазақстан облысының суларында (Көшім, Қамыс-Самар көлдері), Каспийдің солтүстік және солтүстік-шығыс жағалауында, Торғай ойпатында, Науырзым қорығында, Теңіз-Қорғалжын аумағында, Шошқакөл көлдері жүйесінде (Сырдарияның орта ағысы), Балқаш көлінде, Іле,Тентек, Қара Ертіс атыраптарында ұя басады.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабы бойынша мәртебесі
(International union for the conservation of nature)