Бүркіт

ғылыми атауы
Aquila chrysaetos
Тұқымдасы:
Қаршығатектестер – Accipitridae
ҚР Қызыл кітабына енгізілген:
Да

Саны: Жетілген ересек дарақтарының әлем бойынша саны 87100 шамасында деп есептеледі. Қазақстандағы саны белгісіз, кейбір деректер бойынша 100 шақты жұп бар делінеді.  (Березовиков, 2010.).

Мәртебесі. III санат. Саны қысқарып келе жатқан сирек құс

Таралуы. Еуразия кеңістігінде таралған. Ұя салған жерлерінде қыстайды. Қазақстан аумағындағы мекендері шашыраңқы. Оңтүстік пен шығыстың тауларынан бөлек, Маңғыстауда, Үстірт шыңдарында, Мұғалжарда, Сырдария өзені аңғарында, Қызылқұмда, Бетпақдалада, Сарыарқаның бірқатар нүктелерінде, Көкшетау қырқалары мен Ертіс бойының Павлодар аумағында кездеседі.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабы бойынша мәртебесі
(International union for the conservation of nature)