Бақалтақ бүркіт

ғылыми атауы
Hieraaetus pennatus
Тұқымдасы:
Қаршығатектестер – Accipitridae
ҚР Қызыл кітабына енгізілген:
Да

Саны: Қазақстанда нақты саны туралы мәлімет жоқ. Әлемдік популяциясы тұрақты,жыныстық жағынан жетілген 150-195 мың дарақ шамасында деп есептеледі.

Мәртебесі. III санат. Аз зерттелген сирек құс

Таралуы. Қазақстанда елдің оңтүстігі мен шығыс-оңтүстігіндегі орманды тауларда, Сырдария, Іле, Шелек, Шарын, Қаратал өзендерінің алабындағы тоғайларды мекендейді.  70-жылдары Қарқаралы тауларында, 80-90 жылдары оңтүстік-батыс Алтайда, Зайсан қазаншұңқырында, Маңырақта және Тарбағатайда ұя салғаны байқалды. Үндістан мен Африкада қыстайды.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабы бойынша мәртебесі
(International union for the conservation of nature)