Қарақұйрық

ғылыми атауы
Gazella subgutturosa
Тұқымдасы:
Қуысмүйізділер
ҚР Қызыл кітабына енгізілген:
Да

Мәртебесі. III санат. Санып қысқарып жатқан түр.

Таралуы. ХХ ғасырдың ортасына дейін Қазақстанның іс жүзінде барлық шөлейттері мен шөлдерінде тіршілік етті. Каспий теңізінен Іле өзеніне дейінгі аумақты тұтас жайлады. Солтүстік шекарасы 47-шіпараллель бойымен өтсе, қазіргі кезде ол таралу аймағының басым бөлігінде оңтүстікке қарай көп қысқарып қалды. Оқшауланып қалған Тауқұм, Мойынқұм, Қызылқұм, Үстірт-Маңғыстау және Іле популяциялары пайда болды. Таралу аймағы біртұтас сипатынан айырылды. Бүгінгі таңда қарақұйрықтар Алакөл, Зайсан қазаншұңқырында, Бетпақдаланың солтүстігінде кездеспейді.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабы бойынша мәртебесі
(International union for the conservation of nature)