Аққұйрық субүркіт

ғылыми атауы
Haliaeetus albicilla
Тұқымдасы:
Қаршығатектестер – Accipitridae
ҚР Қызыл кітабына енгізілген:
Да

Саны: Кейінгі он жылдықта елімізде 120-130 жұп ұя басқан. Алдын ала бағалау бойынша, әлемдік саны жыныстық жағынан жетілген 28200–58400 дарақтан тұрады.

 Мәртебесі. II санат. Саны қысқарып жатқан сирек түр

Таралуы. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның көптеген өзен-көлдерінде болатын, бірақ кейінгі 30-40 жылда кей жерлерде көрінбей кетті.    80-90-жылдары Еділ өзені атырабының қазақстандық бөлігінде, Көшімде (Еділ-Жайық  суайрығы), Жайық өзені алабында, Қостанай облысының көлдерінде, Сырдария алқабында, Балқаш-Алакөл ойпатында және республиканың шығысында (Зайсан көлі, Қара Ертіс өзені, Марқакөл көлі, Павлодар өңіріндегі Ертіс маңында) ұя салатын.

Аққұйрықты субүркіт туралы осы сілтеме бойынша толығырақ оқи аласыз.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабы бойынша мәртебесі
(International union for the conservation of nature)