Дала қыраны

ғылыми атауы:
Aquila nipalensis
тұқымдасы:
Қаршығатектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Иә

Саны: Қазақстандағы популяциясының саны 20950–31570 жұп төңірегінде болжанады (2018). Әлемдегі саны 50 мыңнан 75 мыңға дейінгі ересек дарақ (2021) шамасында және азаю үдерісі байқалады.

Санаты. V санат. Саны салыстырмалы түрде көп, бірақ біраз уақыт бұрын ғана тым тез қысқарған болатын

Таралуы.  Еуразияның Дунай өзені сағасынан Байкал мен Сары теңіз жағалауына дейінгі далалар мен солтүстіктегі шөлдер. Оңтүстікке қарай Орталық Азия шөлдеріне дейін барады. Қазақстанда биік таулы жерлерден басқа ұя салатын орындарында кең таралған. Қысты Азияның оңтүстігінде, Арабия мен Африкада өткізеді.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)