Саны: Кең таралған. 2006-2015 жылдар кезеңінде Шақпақ асуында жыл сайын орта есеппен 853 дарағына сақина салынған.
Санаты. Шаруашылық мақсатқа пайдаланылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени маңызы бар түр.
Таралуы. Қазақстанда қыстау қарлығашы биік таулар мен шөлді жерлерді қоспағанда, адам тұратын елді мекендердің бәрінде – жазықтағы және 1800-2000 метрге дейінгі таулардағы елді мекендерде, шаруашылық үй-жайлары мен фермаларда ұя салады. Ұшып өту кезінде барлық жерде кездеседі.