Жағалтай

ғылыми атауы
Falco subbuteo
Тұқымдасы:
Сұңқартекстестер
ҚР Қызыл кітабына енгізілген:
Нет

Саны: Нақты саны белгісіз. Ақпарат толықтыруды қажет етеді.

Таралуы: Қазақстанда орман-тоғайсыз аймақтардан басқа жерлерде кең таралған жыл құсы. Кешірек ұшып келіп, ерте қайтып кететіндіктен, сәуір мен қазан айы аралығында кездеседі. Азияның оңтүстігі мен Африканың оңтүстігінде қыстайды.

Саятшылықта қолданылады, саят құстарының қатарына жатады. Түр-түсі жағал, бауыры ала болғандықтан жағалтай атанған. Ұсақ құстармен, қосмекенділермен қоректенеді. Аңшы, саятшылар қолға тез үйретеді. Дене түрқы 33— 35 см.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабы бойынша мәртебесі
(International union for the conservation of nature)