Қоқиқаз

ғылыми атауы:
Phoenicopterus roseus
тұқымдасы:
Қоқиқазтектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Иә

Саны: Каспийдің солтүстік-шығысында 2023 жылдың 8 сәуірінде 36,6-32,5 мың қоқиқаз бар екені анықталды. Әлемдегі популяция саны 550-680 мың шамасында.

Санаты: II санат. Сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төніп тұр.  Саны азайып бара жатқан жергілікті ұя салатын түр.


Таралуы.
Орталық Америка, Африка және Еуразияның оңтүстігі. Қазақстанда тек үш жерде ұя салады: Ақмола облысындағы Теңіз көлінде, Торғай ойпаңындағы Шалқартеңіз көлі мен  Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында. Каспий жағалауын 50-жылдардың соңына қарай келмей кетіп, 70-жылдардың соңында қайта пайда болды.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)