Қызғыш

ғылыми атауы:
Vanellus vanellus
тұқымдасы:
Татреңтектестер
ҚР Қызыл кітабына енген бе:
Жоқ

Саны: Кең таралған түр. Нақты саны қанша екені жөнінде дерек жоқ. Әлемдегі саны  5,6-10,5 миллион дарақ шамасында деп болжанады. Еуропадағыч популяциясы шамамен 1,5-2,5 миллион жұптың төңірегінде.


Санаты.  
Шаруашылық мақсатқа пайдаланылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени маңызы бар түр.


Таралуы.  
Қазақстанның жазық далалы аймағындағы сулы-батпақты жерлерінде, солтүстікте Қамыс-Самар көлдеріне, Науырзымға, Сілеті-Теңіз көліне және Ертікстің Павлодар аумағындағы бөлігіне дейінгі аумақта ұя салады немесе ұшырасады. Кейінгі онжылдықтарда Марқакөл көлінде ұя сала бастады. Ұшу өту кезінде сусыз жерлерде де кездеседі.

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы мәртебесі
(International union for the conservation of nature)